Успен ауылының тұрғыны балаларына бір жарым миллион теңгедей қарыз

Успен ауылының тұрғыны балаларына бір жарым миллион теңгедей қарыз
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол алимент төлемегені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Успен аудандық соты жауапкердің алты кәмелетке толмаған баланың әкесі бола отырып, ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарғанын анықтады. 

– Атқарушылық құжат бойынша берешек 1 446 209 теңге құрайды. Сот отырысында ер адам әкімшілікқұқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, қазіргі уақытта жұмыс істемейтінін, алимент төлеуден бас тартпағанын, қарыз жұмысының жоқтығынан туындағанын түсіндірді. Сот қаулысымен алты баланың әкесі кінәлі деп танылып, 3 тәулік мерзімге қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.