Павлодарда Үндістан профессоры көрмеде алғаш рет өз жұмысын таныстырады

Павлодарда Үндістан профессоры көрмеде алғаш рет  өз жұмысын таныстырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Немальевичи» акварель шеберханасының «Бояулар өзеңі – 2023. Павлодар және Павлодар облысы» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 Шара 2023 жылдың 3 қарашасында сағат 16:00-де облыстық көркемсурет музейінде өтеді. Студия сегіз жылдан бері жұмыс істеп келеді және өз туындыларын павлодарлықтарға бесінші рет ұсынбақ.

Көрмеге 75 жұмыс ұсынылады, әртүрлі кәсіп өкілдері, 28 кәсіби емес суретші қатысады. Алғаш рет қатысушылар арасында Курукшетра университетінің (Үндістан) профессоры Рам Виранджан көрме тақырыбына сәйкес келетін өз жұмысын таныстырады.

– 2023 жыл Павлодар облысының 85 жылдық мерейтойы болғандықтан, бұл туған жердің сұлулығын, аймақтың қарқынды дамуын көрсететін тамаша мүмкіндік. Акварель – ең қиын бояу әдістерінің бірі.  Әсіресе пейзажға ерекше орын беріледі және қаланың белгілі тұлғаларының бірнеше портреті ұсынылады, – дейді ұйымдастырушылар. 

Студия жетекшісі – театр суретшісі, 30-дан астам халықаралық көрменің лауреаты Светлана Кравченко.

Айта кетерлігі, 2022 жылы өткен «Бояулар өзеңі  – 2023. Павлодар және Павлодар облысы» атты «Немальевичтің» көрмесінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Немальевичи» студиясына кәсіби акварель қағазын сыйға тартқан.