«Заң мен тәртіп»: Павлодарда ауқымды «Jaidarman» жастар фестивалі өтті

«Заң мен тәртіп»: Павлодарда ауқымды «Jaidarman» жастар фестивалі өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әзіл кешіне 10 мыңнан астам жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында «Pavlodar Jaidarman: Заң мен тәртіп» атты ауқымды жастар әзіл-сықақ кеші өтті. Іс-шара Ertis Promenade сахнасында ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысты.

Бір сахнада Астана, Қарағанды, Семей және Павлодар қалаларынан келген үздік «Jaidarman» командалары бас қосты. Қатысушылар көрермендерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, азаматтық жауапкершілік және құқықбұзушылыққа төзбеушілік тақырыптарын қамтыған жарқын қойылымдар, әзіл-сықақ көріністері мен музыкалық нөмірлер ұсынды.

Кештің басты ерекшелігі – заманауи жастар форматын маңызды әлеуметтік тақырыптармен ұштастыруында болды. Әзіл, шығармашылық және ашық диалог арқылы әзілкештер қатысушылар мен көрермендерге заңға бағынудың маңызы, қоғамдық құндылықтарды құрметтеу және әр азаматтың жеке жауапкершілігі туралы тың ой сала білді.