Жүректен-жүрекке: Павлодарлық еріктілер көшеде әйелдер қауымына ашықхаттар сыйлады

Акция Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мереке қарсаңында «Birgemiz» фронт-кеңсесінің волонтерлері, №11 мектептің волонтерлерімен бірлесіп, «Жүректен-жүрекке» акциясын өткізді.
Қаланың көшелерінде волонтерлер қыздарды, әйелдерді және аға буын өкілдерін құттықтап, оларға жылы лебіздері жазылған ашықхаттар сыйлады.
Барлық ашықхаттар қолдан жасалды. Бұл игі іс көңіл бөліп, алғыс білдірудің символына айналып, мерекелік көңіл күй мен жағымды эмоция сыйлады. Қала тұрғындары құттықтауларды қуана қабылдап, олардың күлкісі мен алғысы еріктілер үшін ең үлкен марапат болды.