«Жарқ ету»: Павлодарда жас суретшінің көрмесі өтеді

«Жарқ ету»:  Павлодарда жас суретшінің көрмесі өтеді
Фото: Валерий Бугаев

20-дан астам картина ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясы қала тұрғындары мен қонақтарын жас суретші Виктория Устюгованың «Всплеск» атты жеке көрмесінің ашылуына шақырады. 

Павлодар көркемсурет колледжі студентінің алғашқы жеке көрмесінің экспозициясына акварель, графика (пастель, тушь), майлы кескіндеме техникасындағы экспрессионизм стилінде ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, «Всплеск» көркем көрмесінің дебюті – автордың ішкі дүниесін көпшілік алдында ашудың алғашқы қадамы болып табылады.

Айта кетейік, көрмені 30 сәуірге дейін тамашалауға болады.