Жасыбайда екі демалушы құтқарылды

Олар жағалаудан алыс жүзіп кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Құтқарушыларға Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде екі адам қылқайықпен жүзіп, жағалаудан алыс кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жетті.
– Желдің күшеюіне байланысты олар жағалау сызығына өз бетімен орала алмаған екен, – деп түсіндірді ведомствода.
Құтқарылғандардың бірінің әкесі құтқарушыларға алғысын білдірді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары суға шығу кезінде ауарайын мұқият қадағалап, тұрақсыз ауа райында жағадан алыс жүзбеу және құтқару кеудешелерін міндетті түрде пайдалану керектігін еске салады.