Павлодарда әйел үйдің бесінші қабатынан құлап кетті
Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі облыс орталығындағы жазатайым оқиға туралы хабарлады. 58 жастағы әйел он қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтерінің терезесінен кіреберіс шатырға құлап кеткен.
- Төрт құтқарушы альпинистік құралдың көмегімен әйелді түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - деп хабарлады ведомствода.
Ауыр жарақат алған әйел Павлодардың бірінші қалалық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.