Павлодарда 6-сынып оқушысы екі баланы пышақтады
Аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, 11 қыркүйек күні түстен кейін 6-сынып оқушысы өз мектебінің екі құрдасын жиналмалы пышақпен жарақаттады. Зардап шеккендер бұл жағдай туралы ешкімге айтпады, кейінірек медициналық көмекке жүгінді. Оқушылар амбулаториялық емделуге жіберілді. 12 қыркүйекте зардап шеккендердің ата – аналары бұл жағдай туралы білім беру мекемесінің әкімшілігіне, ал олар полицияға хабарлады. Баланың ата-анасы жазаланды. 13 қыркүйекте пышақ жарақатын жасаған оқушының мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында қаралды. Оқушы үйден оқитын болады.
Департаментте оқушылар арасында қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1 бабы – «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша қаралады.
Санкция 1000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе түзеу, қоғамдық жұмыстар 600 сағатқа дейін немесе шектеу, екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бірақ павлодарлық оқушы әлі 14 жаста емес, сондықтан ол қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайды. Бұған дейін ведомствода неге қылмыстық іс қозғалмағаны түсіндірілді.