Павлодарда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Салдарынан бірнеше трамвай вагоны тоқтап қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жол апаты туралы Павлодар қаласы трамвай басқармасы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
- Трамвай жолында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысты. Жол – көлік оқиғасы Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысында орын алды. Апат төрт вагонның қозғалысының 12 минутқа тоқтауына себеп болды, - деп жазды трамвай басқармасы.
Сондай-ақ, жол апатына кінәлі адамдар әр вагонның бос тұрып қалғаны үшін материалдық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Әзірге Павлодар облыстық полиция департаменті ЖКО қатысты түсінік берген жоқ.