Железин ауданында ұзындығы 100 шақырымға жуық жол жөнделуде

Железин ауданында ұзындығы 100 шақырымға жуық жол жөнделуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Келесі жылы учаскеде тас жабынын жаңарту жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аудандық маңызы бар «Железин - Веселая роща - Мыңкөл - Жолтаптық» автомобиль жолының ұзындығы 91 шақырымды құрайды. Оның жартысынан астамында тас жолы болған.

– Биыл оның 15 километрі жөнделді. Енді тағы 15 шақырымы қалды. Келесі жылғы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Қазір конкурстық шаралар жүріп жатыр. 2025 жылы сол жолды толығымен аяқтаймыз, – деді Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов.

Сондай-ақ, биыл ұзындығы 4,5 километрді құрайтын Жолтаптық ауылына кірме жолды орташа жөндеу жұмыстары тәмамдалды. Еңбекші, Алакөл, Моисеевка, Ертіс және Аққайың ауылдарына кіретін жолдар, Еңбекші және Михайловка ауылдарындағы жалпы ұзындығы 12,4 шақырым көше жолдары жөнделді.