Успен ауылында қараңғы көшелер мәселесі шешіледі
Жарықтандыру мәселесі қолға алынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Успен ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Жүздесуде аудан орталығының тұрғыны елді мекенде соңғы жылдары бірқатар оң өзгерістер байқалғанын ерекше атап өтті: бассейннің құрылысы жүргізілуде, спорт кешені салынды, дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған 24 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның пайымдауынша, игі істер жасалғанымен, инфрақұрылымға қатысты маңызды сауал әлі ашық тұр.
– Қазіргі таңда орталық көшелер жарықтандырылғанымен, Строительная сияқты шағын көшелерде жарық жоқ. Ол көшелермен балалар мен үлкен кісілер жұмыстан қайтады. Қараңғы ерте түсетіндіктен, кешкі уақытта жүру қауіп тудырады, – деді Успен аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Любовь Агадилова.
Аймақ басшысы бұл мәселенің маңыздылығын ескеріп, оны созбай шешу қажеттігін айтты.
– Жол, ауызсу, электр қуаты және жарықтандыру – бірінші кезекте шешілетін сұрақтар. Аудан басшылығы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауы тиіс, содан кейін көшелерді жарықтандыруға қаражат бөлеміз, – деді Асайын Байханов.
Оның сөзінше, жарық түспейтін көшелер бойынша нақты ұсыныстар енгізілгеннен кейін, мәселе шешімін табады.