Жүлде қоры – $10 000: Павлодарда ең ірі хакатон өтеді

Жүлде қоры – $10 000: Павлодарда ең ірі хакатон өтеді
Фото: tou.edu.kz

Ең ірі Web3 Торайғыров университетінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

ЖОО баспасөз қызметінің мәліметінше, Binance, BNB Chain және Astana Hub серіктестерімен бірлесіп, Blockchain Center мультилокациялық хакатоны іске қосылады.

–  72 сағаттық марафонымызда өз әлеуеттеріңізді көрсетуге және құны 10 000  АҚШ долларын құрайтын жүлде қорына таласуға мүмкіндік ұсынылады, – деп жазылған хабарламада. 

Бірінші орынға – $5000, екінші орынға – $3500, үшінші орынға $1500 беріледі. 

26-28 мамыр аралығында Decentrathon (https://decentrathon.io/) Қазақстанның 9 өңірінің 15 жерінде өтеді.