Екібастұзда автобустар қозғалысын уақытша өзгертеді

Шахтер күніне арналған мерекелік іс-шараларға байланысты жүргізушілер үшін қолайсыздықтар туындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, 19-24 тамыз аралығында Әуезов көшесі бойынша Энергетиктерден Көшербаевқа дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Қалалық автобустар Көшербаев – Кеншілер – Энергетиктер бағыты бойынша, бұдан әрі – бекітілген схема бойынша жүретін болады.
Әкімдіктен сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды