Жұма күні Павлодар облысында үсік жүреді

Жұма күні Павлодар облысында үсік жүреді
Фото: Константин Шелков

Қазгидромет 12 мамыр күніне дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Синоптиктердің болжамынша, облыстың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, түнде солтүстікте 1 градусқа температураның төмендеуі күтіледі. 

Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында түнде екпіні 15 м/с күтіледі.   Күн бұлттанып, таңертең жаңбыр жауады.

Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 18-20 градус ыстық болады.