Павлодарда көпірге қарай жол жартылай жабылады

Павлодарда көпірге қарай жол жартылай жабылады

Бұл қолайсыздықтар тамыздың аяғына дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ  ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше,  14-31 тамыз аралығында Назарбаев даңғылы - Торайғыров көшесі қиылысындағы рельс-шпал аймағы ауыстырылуда.  Жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көпірге қарай бұрылыс сапаржай жағынан жартылай жабық болады.⠀

Алайда көпір көлік қозғалысы үшін ашық қалады. Жүргізушілер жөндеу жұмыстарын айналып, ары қарай жүре алады.

Фото: ТҮКШ  ЖК және АЖ бөлімі ұсынды