Екібастұзда әйел адам күзетшіні өлтірді деген күдікке ілінді
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен әйел адам қамауға алынды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде мамыр мерекелерінде балабақшалардың бірінде жұмыс орнында күзетшіні өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады.
Облыстық полиция департаментінде аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы әйел адам қамауға алынған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес «адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».