Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылады
Өткізу бекеттері мереке күндері жабық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес 1, 7 және 9 мамырда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен теміржол өткізу пунктерін қоспағанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пунктінде адамдарды, көлік пен жүк өткізу уақытша тоқтатылатыны туралы ақпарат таратты.
Сонымен қатар Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты «Қапланбек» өткізу пункті жабылды. Сонымен қатар, «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелді.
Ресей, Қырғызстан және Түрікменстан бағыттарындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.