Қазақстанда мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болады

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 8:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Аталған уақыт аралығында келесі сервистер уақытша қолжетімсіз болады:
- eGov.kz және eGov mobile (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» бөлімі);
- e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет сервистері;
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО);
- eGov арқылы біріктірілген банктер мен басқа да жүйелердегі мемлекеттік қызметтер.
Пайдаланушыларға маңызды операцияларды алдын ала орындау ұсынылады.