Қазақстанда ЖИ көмегімен құқықтық ақпарат енді оңай қолжетімді болды

Қазақстанда ЖИ көмегімен құқықтық ақпарат енді оңай қолжетімді болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ЖИ чат-бот тәулік бойы заңнаманы түсіндіреді, құжаттарды іздеуге көмектеседі, ал «Заң көмегі» қосымшасы арқылы онлайн заңгерлік кеңес алуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Әділет» және «Е-заң көмегі» құқықтық жүйелеріне жасанды интеллект агентін енгізді. Бұл жоба цифрлық трансформацияны жеделдетіп, құқықтық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. ЖИ агенті пайдаланушыларға заң нормаларын түсіндіру, құжаттарды іздеу және жиі қойылатын сұрақтарға жедел жауап беру арқылы көмек көрсетеді.

– Осы жылдың маусым айынан бастап іске қосылған чат-бот онлайн режимде кез келген құқықтық сұраққа жауап береді. Оны пайдалану үшін adilet.zan.kz сайтына кіріп, төменгі сол жақтағы чат-ботқа сұрағыңызды енгізуге болады. ЖИ көмекшісі қажетті заңға сілтеме жасайды, – дейді Павлодар облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі «Заң көмегі» қосымшасын дамытып жатыр. Бұл онлайн құқықтық көмектің бірыңғай жүйесі, ол арқылы заңгерлік кеңес алу, адвокат немесе заңгерді табу, сондай-ақ оператормен бейнеқоңырау арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар. Қосымшаны жүктеп алып, заңгерге тікелей сұрақ қоюға болады.

Бұл бастамалар «Digital Justice» бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады.