Қазақстандағы балабақшалардың жартысы – жекеменшік

Қазақстандағы балабақшалардың жартысы – жекеменшік
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

 2022 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың саны 11 104-ке жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,1% артық (2021 жылы – 10 871), деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Оның ішінде:

4638 – қалалық жерде (+237)

6466 – ауылдық жерде (-4).

Меншік нысаны бойынша оның 5 681 – мемлекеттік (51,2%), 5423 – жеке меншікте (48,8%).

2021 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 233-ке өскен.

Бұл ретте қалалық жерлерде олардың саны 237-ге артса, ауылдық жерлерде керісінше 4-ке азайған.

Мектепке дейінгі ұйымдар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1369.

Алғашқы үштікке Алматы облысы – 1142 және Алматы қаласы – 899 кірді.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтердің көлемі 182,8 млрд теңге болды.

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,3% көп (2021 жылғы 1-тоқсанда – 150,6 млрд теңге) .