Қазақстандық мектеп оқушылары суды үнемдеуді үйренуде

Қазақстандық мектеп оқушылары суды үнемдеуді үйренуде
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Ашық сабақтарда екі миллионға жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Ведоствоның мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр.

- Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Енді алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де су үнемдеу тақырыбында дәрістер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.