Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингте жоғары көтерілді
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды @Kazinform.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Мысырдағы турнирде табысты өнер көрсеткен Әмір Омарханов жекелей сында бірден 42 сатыға жоғары көтеріліп, 57-орынға жайғасты.
Сондай-ақ Даниал Рахматуллаев 114-ке (+2), Виталий Зацепин 154-ке (+16) шықты. Ерасыл Ерділдә – 234, Ілияс Маратұлы – 244, Заңғар Нұрланұлы 331-сатыда тұр.
Қыздар арасында Асылжан Арыстанова көрсеткішін едәуір жақсартып, 85-тен 66-ға жоғарылады. Айя Нұпбай – 204, Полина Слепцова 230-орында келеді.