Қазақстандық өнімдер ЕО және Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығады

Қазақстандық өнімдер ЕО және Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорттың жаңа бағыттарын ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

7 елмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 16 ветеринариялық сертификатқа қол қойылды. Үкімет жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сауда дипломатиясындағы жетістіктер туралы айтты.

Жаңа нарықтарға қолжетімділіктің арқасында 10 айда сиыр етінің экспорты 30,2 мың тоннаға (өсім 1,7 есе), ал қой еті – 25,5 мың тоннаға (өсім 1,9 есе) жетті. Әзербайжан (мал шаруашылығы өнімдері), Моңғолия (ұсақ мал), Марокко (жем), Иран (тері) және ЕО (бал) нарықтары ашылды.

«Мұндай өсім сапалы қазақстандық етке деген жоғары сұранысқа негізделген. Біз қосылған құны жоғары өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін бағыттарды әртараптандыруды жалғастырамыз», – деді Айдарбек Сапаров.

Қазіргі уақытта Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, БАӘ елдеріне ет пен сүт жеткізу мәселесі пысықталуда. Қатар мен Ұлыбританиямен бал экспорты, ал Эквадормен бірге артемия асшаян уылдырықтарын жеткізу талқылануда.