Екібастұз әкімі Шідерті кентіндегі жылу жүйесін тексерді

Биыл жылу маусымаралық кезеңде кенттің жылумен жабдықтау жүйесі республикалық коммуналдық меншіктен қалалық меншікке берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұған дейін жүйеге «ҚазСуШар» РМК жауапты болған.
Қала әкімінің айтуынша, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлінді.
– Жылыту маусымының басына дейін 4 қазандықтың үшеуі пайдалануға дайын болады. Қалған бір қазандықтың жөндеуі жоспарға сәйкес қазан айында аяқталады. Ең суық күндері екі қазандық жұмыс істейді. Жылу желілерінде алғаш рет гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақауларды жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстарды бір апта ішінде аяқтау жоспарланған. Мердігер ұйым қажетті ресурстармен толық қамтамасыз етілген, – деп жазды әкім Instagram парақшасында.
Аян Бейсекин сенімгерлікпен басқарушыға берілген мүлікті, оның ішінде инвестициялық бағдарлама аясында сапалы ұстау міндетін қойды.
Жылыту маусымына дайындық мәселесі облыс басшылығының және қала әкімінің күнделікті бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram