Қазақстандықтар алаяқтықпен күрес байқауында Еуразияда үздік деп танылды

Қазақстандықтар алаяқтықпен күрес байқауында Еуразияда үздік деп танылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сочиде қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиаданы қорытындылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Қаржылық мониторинг агентігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған үздік қаржылық анализге арналған байқауға Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінен келген комплаенс-мамандары қатысты.

Байқау ұсынылған жобаларды интерактивті талқылау форматында өткізілді.

Ақшаны жылыстатуда және терроризмді қаржыландыруда «дроптар» қарсы іс-қимылдың күрделі тетіктерін қолдана отырып, үздік қаржылық анализге арналған жұмыстар және оларға қарсы күресте тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың үздік үлгісі қаралды. Қазақстаннан «ATAIX Eurasia ltd.» криптобиржа – компаниясының AML комплаенсы Айдын Мұқашевтың кейсі ұсынылды. Жобада ұсынылған дроптар мен VPN-ді қолдану арқылы жүзеге асырылатын күрделі алаяқтық схемалардың ұйымдастырушыларын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдер сарапшылардың қызығушылығын тудырды, – делінген хабарламада.

Дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық кейс конкурстың жеңімпазы болып танылды. Сарапшылар қазақстандық жылыстатуға қарсы жүйенің АЖ/ТҚҚ саласындағы жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге дайындығын жоғары бағалады.

Еуразиялық кеңістікте тәжірибе алмасу туралы шешім қабылданды.