Қазақстандықтар eGov, e-Otinish арқылы парламенттік реформаға өз ұсыныстарын жолдай алады

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Президенттің парламенттік реформаны жүзеге асыру процесінде азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өткеніне тоқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау басталады.
– Азаматтар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге өз ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады, – деді Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы іске асыру Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.