Қырғызстанда ажырасу мен үйлену саны азайған
Қырғызстанда 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында некені тіркеу мен ажырасу сиреген, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі ҚР Цифрлық даму министрлігі жанындағы Тұрғындарды тіркеу департаментіне сілтеме жасап.
Мекеме ақпараты бойынша, биыл алғашқы жартыжылдықта республикада 19 347 неке тіркелген. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 687-ге аз.
Астаналық Неке сарайында ең танымал күн 2023 жылдың 23 наурызы болған. Сол күні 62 неке қию салтанаты өтті.
Сонымен қатар, Қырғызстан азаматтары ажырасуға да өтінішті аз бере бастаған. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында 5 814 жұп ажырасса, 2022 жылдың осы кезеңінде 6 067 отбасы некені бұзуға өтініш берген.