19 тамызда Павлодар облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады
Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, батыстан жел соғады, күші 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градус ыстық болады.
Алдағы үш тәулікте 19-21 тамыз аралығында Қазақстан бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.
Солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде, еліміздің қалған бөлігінде өзгерістер күтілмейді.