Үйіндінің астында қалды: Павлодар облыстық ТЖД оқиғаның мән-жайын айтты

Үйіндінің астында қалды: Павлодар облыстық ТЖД оқиғаның мән-жайын айтты
Фото:ТЖД

Бұл оқиға су құбырын тарту кезінде орын алан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қазанда Достоевский көшесінде жеке үйдің ауласында үй иесіне көмектесіп жатқан екі ер адам су құбырын тарту кезінде топырақтың астында қалған.

–  Құтқарушылар 1977 жылы туған азаматты үйінді астынан шығарды. Ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Өкінішке орай, 1972 жылы туған екінші адамды аман алып қалу мүмкін болмады, – дейді департаментте. 

Азаматтарды құтқару  жұмыстарына он бір адам мен үш техника жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады. Оған «ұзақ мерзімді жеңіл дәрежеде қысылып қалу» синдромы деген диагноз қойылды.