Павлодарлық «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері бопсалау күдігімен ұсталды
Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті транспорттық прокуратурамен бірге ұстаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҰҚК мәліметінше, павлодарлық филиал басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық әрекетіне тосқауыл қойылды.
Ұсталғандар аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.
- Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.
Жедел тергеу іс-шаралары жалғасуда.