Қазақстанда кімдер жеңілдетілген салық төлейді?

Салық кодексі жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салықтық режимді қолдануға кімдердің құқығы болмайтыны нақтыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі @BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
@BAQ.KZ мәліметінше, тиісті түзетулер салық жүйесін реформалау аясында қарастырылуда. Құжатқа сәйкес жеңілдетілген декларацияны тек белгілі бір талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (резиденттер) ғана пайдалана алады.
Негізгі талаптар:
- Жылдық табыс 600 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы тиіс.
- Бұл режим тек B2C сегментіне (кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаларға тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер ұсынатын кәсіпкерлерге) қатысты қолданылады.
- Қызмет түрлері үкімет бекіткен нақты тізімге сәйкес болуы керек.
Жеке кәсіпкердің шекті табысын есептеу кезінде ескерілетін факторлар:
- Салық салу объектісі (Салық кодексінің 711-бабына сәйкес);
- Активтер құнының өсімінен түскен табыс;
- Жалпы белгіленген тәртіп бойынша салық салынатын табыс.
Бұл өзгерістер салық жүйесін реформалау аясында талқыланып жатыр және жаңа талаптар қабылданған жағдайда, кейбір кәсіпкерлерге жеңілдетілген декларацияны пайдалануға шектеу қойылады.