Қазақстандықтар Құрбан айтқа қанша күн демалады?
Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрбан айт мейрамы сәрсенбі 28 маусымға келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусымда жұмыс істеп, 28 маусымда демалады, 29-30 маусымда қайта жұмыс істейді.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26-27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусымда демалып, 29-30 маусымда және 1 шілдеде қайта жұмыс істейді.