Қазақстанның әскери күші қалай дамуда?

Қазақстанның әскери күші қалай дамуда?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын жетілдіру басты назарда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Премьер-Министрі ресми ақпараттық ресурсының мәліметінше, Қарулы Күштер жауынгерлік құрамын кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары жүргізілуде. 

Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасымен Арнайы операциялар күштері басым тәртіппен даму үстінде. Жалпыәскери, әскери-теңіз және авиациялық компоненттерді күшейтуге, барлау-жауынгерлік және әскери-көлік әлеуетін, сондай-ақ артиллерия мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған кешенді ұйымдастыру іс-шаралары өткізілді. Өрттер мен су тасқыны салдарын жою шараларына белсенді қатысатын, сондай-ақ мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне енгізілген аумақтық қорғаныс дамып келеді, – делінген үкіметтің сайтында.

Қорғаныс министрлігінде жедел және жауынгерлік дайындық шараларының қарқындылығы айтарлықтай артқанын атап өтті. Халықаралық тәжірибе негізінде әскерлердің тактикалық және атыс дайындығы үнемі жетілдіріліп отырады. Құрлық әскерлерінің Әскери институтында болашақ офицерлердің көшбасшылық қасиеттерін нығайтуға және кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған «Сардар» бақылау-кешенді курсы ұйымдастырылды.

Биылғы жылы 2 мыңнан астам жауынгерлік тактикалық және атыс оқу-жаттығулары өткізіліп, штабтар мен әскерлердің дағдарыс жағдайындағы іс-қимылдарға дайындығына баса назар аударылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен алғаш рет облыс әкімдері мен олардың орынбасарларының жиындары өткізілді. Бұған дейін біз осындай жиын әскери қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша министрлермен және Парламент депутаттарымен өткізілген болатын. Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, «Бекет» ведомствоаралық оқу-жаттығуы өткізілді. Алдағы қыркүйек айында осындай оқу-жаттығуды Жамбыл облысының әкімдігімен өткізу жоспарлануда, – деді қорғаныс министрлігінде.

Оқу-материалдық базаны дамыту жалғасуда. Жыл соңына дейін тренажерлер жеткізу және полигон жабдықтарын жөндеу жоспарлануда, бұл жылына 300 миллион теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әскери техниканы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы бес жыл ішінде Қазақстан халықаралық және бітімгерлік қызметті жандандырды. Еліміз ТМД елдері ішінде БҰҰ миссиясына дербес мандат алған бірден бір мемлекет. 2024 жылғы наурызда алғаш рет қазақстандық контингент: 139 әскери қызметші, 26 қару-жарақ пен әскери техника БҰҰ миссияларына қатысу үшін Голан жоталарына жіберілді.

Қарулы Күштерді қару-жарақ пен әскери техниканың, оның ішінде отандық өндірістің заманауи үлгілерімен қайта жарақтандырудың кезең-кезеңдік процесі жүріп жатыр. Биыл 500-ден астам жаңа техника келіп түсті, 50 техника күрделі жөндеуден өтті.

2024 жылы «Арлан» және COBRA II брондалған доңғалақты машиналары жеткізіледі деп күтілуде. Жыл соңына дейін SUNQAR тактикалық ұшқышсыз жүйелер кешенін және EVOMax шағын ұшқышсыз жүйелерін сатып алу жоспарлануда.

Биыл Әуе қорғанысы күштері заманауи жойғыш ұшақтар мен қару-жарақ класы жоғары дәлдіктегі зениттік зымыран кешенін жеткізеді деп күтілуде. ANKA пилотсыз ауыр класты кешенді тәжірибелік әскери пайдалану жүргізілуде. А400М бірінші ауыр жүк көтергіш әскери-көліктік ұшақ жеткізіледі деп күтілуде. Әскери-теңіз күштері үшін диверсияға қарсы қайық жеткізіледі. Бронды танк және автокөлік техникасын, әскери әуе шабуылына қарсы қорғанысты, танкке қарсы жүйелерді, артиллерия мен атыс қаруын жөндеу цехтары іске қосылды.. Әскерлерде 1,5 мыңнан астам әскери техникаға ағымдағы және орташа жөндеу жүргізілді, – делінген хабарламада.

Мерзімді әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар шараларға бастамашылық жасады. Мамыр айында әскери қызметшілерге арналған білім беру гранттарына квоталар бекітетін Заң қабылданды. Тегін оқуға арналған мемлекеттік гранттар мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жоғары нәтижелерге қол жеткізгендерге берілетін болады. Сондай-ақ ЖОО-дағы оқудың бірінші жылында жатақханада тұруға басым құқық берілуі қосымша артықшылық болмақ. 

Сондай-ақ әскерге шақырылушыларға арналған «кредиттік каникулдар» жүйесі енгізілді. Жастарды әскери комиссариаттарға бармай-ақ тіркеу процесі автоматтандырылды, бұл жыл сайын тасымалдауда, медициналық қызмет көрсетуде және тіркеу туралы куәлік беруде 1 миллиард теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жыл сайын «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі. Биыл оған 700-ден астам жасөспірім, оның ішінде Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан сияқты өзге елдерден келген 75 өкіл қатысты.