ҚР Президенті Үкіметі тарату туралы қаулыға қол қойды
Министрлер өз міндетін уақытша атқаратын болады.
2023 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы құқықтық акті Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, Әлихан Смаилов бастаған Үкімет 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін жасақталған болатын. Бұл құрам 1 жылдан астам уақыт жұмыс жасады.