ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты аманаттықтармен Тереңкөл ауданын аралады
Делегация су құбырының, мәдениет үйі мен мектептің құрылысын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында депутаттар ауданның бірқатар елді мекендеріне барып, түрлі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Песчаное ауылында депутаттар су құбырының құрылысын тексерді.
– Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде және оларды уақтылы аяқтау жоспарлануда. Алайда, қазіргі уақытта су тазарту қондырғыларын қайта құру қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтатылды. Депутаттар мердігермен қолданыстағы бюджет шеңберінде мәселені шешудің мүмкін жолдарын талқылады, – делінген хабарламада.
Береговое ауылында «AMANAT» партиясының мүшелері бұрын өртенген мәдениет үйін қайта құру жағдайымен танысты. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру мәселелері атап өтілді. Депутаттар бұл мәселені шешу үшін тиісті сұрау салуды дайындауға уәде берді.
Калиновка ауылында делегация бірқатар нысандарды аралады.
– Жергілікті мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар мерзіміне дейін аяқталады. Мұнда мәдениет бөлімі тарапынан осы сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар айтылды, – дейді баспасөз орталығында.
Калиновка ауылының мектебінде күрделі жөндеудің 70%-дан астамы орындалды. Директор мен мердігер жұмыстардың 1 тамызға дейін аяқталатынына сендірді.
Депутаттар Калиновка ауылының жөнделген және жұмыс істеп тұрған фельдшерлік-акушерлік пунктіне барып, жергілікті тұрғындар үшін дәріхана ашу мүмкіндігін талқылады.
Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким Калиновка ауылындағы жол жұмыстарының жақсы сапасын, көше жарығының болуын және халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділік жағдайларының сақталуын атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша депутаттар ауылдық жерлерде инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын бақылаудың маңыздылығын атап өтіп, анықталған проблемаларды шешуге жәрдемдесуге уәде берді.