Екібастұзда абаттандыру сапасына бақылау күшейтілді

Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстары аяқталған соң абаттандырудың сапасыз қалпына келтірілуі – жиі кездесетін мәселе. Бұл жағдайға жол беруге болмайды. Аталған бағытта жүйелі тексерулер жүргізіліп, қала мен тұрғындарға жауапсыз қарағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады, – деп жазды әкім әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, талап бәріне бірдей: монополистерге де, мердігер ұйымдарға да, қала тұрғындарына да қатысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram