Үйіне жолды ұмытқан: Май ауданында жоғалған әйел табылмай жатыр
Оның хабарсыз кеткеніне екі ай болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, 1979 жылы туған Жанар Солтан 6 сәуірде Малайсары кентінде үйінен шығып кетіп, қайта барар жолды ұмытып кеткен.
– Бағытынан жаңылған ауыл тұрғынын іздеуге тікұшақ берілмеді. Оның жоғалып кетуіне бірнеше себеп бар. Сараптама таң қаларлық нәтиже көрсетті, сондықтан қайта тағайындалды. Оны үйінде анасы күтіп отыр, – дейді еріктілер.
Жанар Солтанның жүрген жерін көрген адамдар болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7(777) 334 82 01 (Светлана) whatsapp нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.