Әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Испания кездеседі

Әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Испания кездеседі
Фото: The Independent

Аргентина құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші финалисі атанды. Жартылай финалда олар Англияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ағылшындар матчтағы есепті 55-минутта Энтони Гордонның голынан кейін ашты. Алайда кездесудің соңғы минуттарында ойын тағдыры өзгерді. 85-минутта Энцо Фернандес таразы басын теңестірсе, қосымша уақытта Лаутаро Мартинес жеңіс голын соқты. Екі нәтижелі пастың авторы – Лионель Месси.

Осылайша әлемнің қазіргі чемпионы финалға жолдама алып, енді Испания құрамасымен кездеседі. Испания жартылай финалда Францияны жеңіп, шешуші матчқа шыққан болатын.

Англия тағы да жеңіске жақын тұрған сәтте бастаманы уысынан шығарып алды. Ал Аргентина матчтың соңғы минуттарында нәтижеге қол жеткізетін қасиетін тағы бір мәрте көрсетті. Әсіресе Энцо Фернандестің голы қарсылас қорғанысындағы өрескел қателіктің салдары болды.

Енді жанкүйерлерді Испания мен Аргентина арасындағы тартысты финал күтіп тұр. Испания құрамасы финалға сенімді әрі көзге түспей жетсе, Аргентина тағы да шешуші сәтте жеңісті жұлып әкете алатынын дәлелдеді. Сондықтан футболсүйер қауым финалда шынайы тартыс пен жарқын ойын көруге үмітті.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде өтеді.