1 шілдеде Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы сақталады

1 шілдеде Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күн күркірейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 метрді құрайды.

Ауа температурасы түнде +13...+18, күндіз +23...+28 градус болады.

Павлодар қаласында бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус көрсетеді.