Ақсуда дәмхана мен медициналық орталықта су болмайды
«Ақсу су арнасы» бригадасы Набережная көшесі, 39-ші үйдегі ысырманы ауыстырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Осыған байланысты 27 наурызда сағат 10:00-ден бастап жұмыс аяқталғанға дейін Әуезов көшесі, 89, Набережная көшесі, 35, 37, 39, 41, 43, 45, 47, 49, 51, 87, 87а, 87б, «Евразия» медициналық орталығы мен «Никита» дәмханасында су өшіріледі», - деп хабарлады қала әкімдігінде.
Су тасу ұйымдастырылады. Жөндеу жұмыстарының барысы туралы ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: 8(71837)5-00-71.
Сонымен қатар, бұл күні «Ақсу электр желілері» мекемесінің мамандары трансформаторлық қосалқы станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сағат 12:00-ге дейін Қамзин көшесі, 67, Н.Бердников көшесі, № 2-17, Желтоқсан көшесі, № 23-31 үйлерінде электр жарығы өшірілді.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8(71837)6-05-01.