Баянауыл ауданында жылыту маусымына дайындық басталды

Баянауыл ауданында жылыту маусымына дайындық басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік салада отыздан астам қазандық жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аппараттық мәжілісте әлеуметтік нысандардың 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды.

Бұл туралы аудан әкімі Ардақ Кісентаев Instagram парақшасында мәлімдеді.

Бүгінгі күні ауданның әлеуметтік саласына қатысты 34 от жағу қазандығы бар. Оның ішінде мәдениет саласы бойынша – 8 қазандық, денсаулық саласында – 3, білім саласына қатысты 22 қазандық және Баянауыл ауылдық округ әкімдігінің қазандығы, – деп жазды әкім әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, биыл білім беру саласы бойынша Егіндібұлақ ауылындағы жалпы білім беретін мектепке және Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатқа КВР-350 және КВР-900 маркалы төрт жаңа қазандық сатып алынып, орнатылды.

Әкімнің айтуынша, аудан бойынша бюджеттік мекемелерге қажетті қатты отын мөлшері – 17 702 тонна. Қазір көмір жеткізу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, келісімшарттар жасалуда.

Жиын барысында жылыту маусымына дайындық жұмыстарын сапалы әрі кедергісіз жүргізу, қыс мезгілінде барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылумен толық қамтылуы қажет екені ерекше атап өтілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ардак Ксентаев (@ardakksentaev)