Павлодарда өткен тәулікте 350 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Павлодарда өткен тәулікте 350 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Статистикада жол ережелерін сақтамаған жүргізушілер мен жолаушылар көш бастап тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күн сайын патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары тәулік бойы жұмыс істеп, облыс орталығының көшелерін бақылайды.

– Тек өткен тәуліктің ішінде 350 түрлі бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 50 жүргізуші жылдамдықты асырып кетсе, 35 жаяу жүргіншілерге жол бермеді. Ал 29 жаяу жүргінші белгіленбеген жерден өтіп, 24-і ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген.18 адам абаттандыру ережелерін бұзып, алтауы ұсақ бұзақылық жасады, тағы алтауы шу шығарып, түнгі уақытта азаматтардың демалуына кедергі келтірді, – деді қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Максим Қостанов.

Полиция азаматтардан заң нормаларын сақтауды және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын бұзбауды сұрайды.