10 шілдеде Павлодар облысында төтенше өрт қаупі сақталады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейеді. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде облыс бойынша +14 ...+ 19, күндіз + 29...+34°C болады деп күтілуде.
Павлодарда да жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлттылық күтіледі.
Түнде +16 ...+ 18, күндіз + 29...+31°C болжанады.