11 қаңтарда Павлодар облысында боран соғады

11 қаңтарда Павлодар облысында боран соғады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстік, шығысында қар жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде  облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кейде 30 м/с,  күндіз 9-14, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 12 градус көрсетеді. 

Павлодар қаласында  бұлтты болады, кейде қар жауып, түнде боран болады. Сынап бағанасы түнде 17-19, күндіз 15-17 көрсетеді.