Арбалар шеруі: Павлодарда отбасылық байқау ұйымдастырылды

Арбалар шеруі: Павлодарда отбасылық байқау ұйымдастырылды
Фото: @kasipodaq_pavlodar

Іс-шараға жиырмадан аса отбасы қатысып, балалар арбасын креативті безендірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық демалыс орталығында жыл сайынғы дәстүрлі «Арба шеруі-2025» атты жалпықалалық отбасылық байқау өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға «Ана үйі» қоғамдық қоры бастамашы болып, өңірдің Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі дәстүрлі түрде қолдау көрсетті.

«Арба шеруі-2025» отбасылық байқауын өткізудің мақсаты – отбасының оң имиджін, балалары бар жас отбасылардың беделін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және жарқын өнер іс-шарасы арқылы шығармашылық көрініске жағдай жасау болды. Байқау әлеуметтік сипатта, себебі тату отбасын құруда отбасылық демалыстың маңызы зор. Шынында да, байқауға дайындық барысында отбасы бір шығармашылық топқа айналады.

Байқаудың негізгі бөлімі – балалар арбалары мен қолдау топтары бар қатысушылардың мерекелік шеруі, ол әдемі балалар музыкасы мен жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

– Арбалар шеруі – бұл отбасылық дәстүрлер мен шығармашылықты қолдауға арналған жыл сайынғы дәстүрлі әлеуметтік іс-шара. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді, бұл бізді – ұйымдастырушыларды қуантады. Арбалар шеруі қатысушылар мен көрермендердің қызығушылығын оятып, отбасылық дәстүрлерді нығайтуға, қиял мен шексіз шығармашылықты көрсетуге шақырады! Барлық қатысушыларға бақытты балалық шақ, отбасылық бақыт, шығармашылық қуаныш және отбасылық дәстүрлерді нығайту тілейміз, – деп Раушан Даумова шараны ашты.

Жарысқа 24 отбасы қатысып, өз арбаларын түрлі стильде безендіріп, қазылар мен көрермендерге таныстырды.

Қазылар алқасы Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысшы әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрағасы, «QAZAQMETAL KASIPODAGY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Раушан Даумованың басшылығымен конкурсты қорытындылап, жүлделер табыс етті.

Қазылар алқасының құрамына Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марина Иванова және бас маман Наталья Жекенова кірді.