Павлодарда ахатин ұлуы туралы бейнерепортаж түсірген оқушы жеңімпаз атанды
Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Акцияны білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы өткізді. Байқау үш номинация бойынша өтті: «Жануарлар - біздің достарымыз», «Үй жануарларының сирек кездесетін түрлері», «Экзотикалық үй жануарлары». Қатысушылар акцияның мақсаттары мен міндеттерін көрсететін, номинациялар тақырыптарына сәйкес келетін бейнерепортаждар ұсынды.
- Жас өрендер ұсынған бейнерепортаждарда үйсіз жануарларды және қолға үйретілген жануарларды қорғау туралы үндеу жолдады, үйсіз жануарларға арналған орталықтармен жұмыс істейтін еріктілер қызметі, мысықтар мен иттердің сирек тұқымдары, тарантула өрмекшісі, түйеқұс, ахатин ұлуы, шиншила, тотықұс сияқты экзотикалық жануарлар туралы айтылды, - дейді білім беру бөлімінде.
Байқауға облыстың қосымша білім беру ұйымдарының 1-9-сыныптарының 82 оқушысы мен тәрбиеленушісі, оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің 21 оқушысы, Павлодар қаласының экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
Акция қорытындысы бойынша облыстың 33 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының сегіз қатысушысы бар.
Бірінші орынды облыстың жеті қатысушысы иеленді. Оның ішінде «Экзотикалық үй жануарлары» номинациясында Павлодар қаласы С. Торайғыров атындағы ЖОМ 4-сынып оқушысы Давид Омельницкий бар. Ол өзінің бейнерепотажында үй жануары ретінде ұстайтын экзотикалық жануар - ахатин ұлуы туралы айтты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды.