13 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық күтілуде

13 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық күтілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз батыста, шығыста екпіні 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыс бойынша температура түнде +15...+20 °C, күндіз +29...+ 34°C, жауын-шашынсыз болады.

Облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Павлодарда түнде +18...+20°C, күндіз + 32...+34°C күтіледі. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады.