Павлодар облысында күздің алғашқы айы жаңбырлы болады деп күтілуде
Қыркүйек айында ауа температурасы климаттық нормаға жуық, яғни +10,9…+12,7 градус шамасында болады деп болжануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, қыркүйектің соңында жаңбыр мен секундына 15-20 метрге дейін жететін жел жиі болуы мүмкін.
Айдың алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде күрт төмендейді. Түнде +15…+20 градустан облыстың солтүстік-шығысында +10…+1 градусқа дейін, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +27…+32 градустан +12…+17 градусқа дейін төмендейді. Кейін түнде +3…+8, күндіз +15…+20 градусқа дейін жылынады.
Қыркүйектің ортасында түнде +9…+14, күндіз +21…+26 градус болады. Облыстың солтүстік-батысында ауа температурасы +29 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Одан кейін ауа температурасы қайта төмендеп, түнде +2…+7 градусқа, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсікке, күндіз +14…+19 градусқа дейін жетеді.
Температуралық құбылмалылық апта соңына дейін жалғасады. Алдымен түнде +7…+12, күндіз +19…+24 градусқа дейін жылынады. Облыстың оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Қыркүйектің соңында өңірдің солтүстігінде үсік күтіледі. Түнгі температура +7…+12-ден +1…+6 градусқа дейін, күндіз +19…+24-тен +10…+15 градусқа дейін төмендейді.
«Қазгидромет» мамандары найзағай, шаңды дауыл және бұршақ болуы мүмкін екенін ескертеді.