Павлодарлық жас химик халықаралық байқауда алтын медальге ие болды

Бұл білім жарысына 30-ға жуық елдің үздіктері қатысты, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 21 - 26 сәуір аралығында Қытайдың Шаньчжэнь қаласында химия пәні бойынша 58-ші Халықаралық Менделеев конференциясы өтті. Оған 29 елден мектеп оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының олимпиадалық құрама командасына химия пәнінен 2023-2024 оқу жылындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары – 10-12 сыныптардың тоғыз оқушысы енді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім басқармасының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Ринат Илюсизов алтын медальмен марапатталды.