14 наурызда Павлодар облысында аздаған қар жауады

14 наурызда Павлодар облысында аздаған қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыс бойынша температура түнде -12...-17°C, облыстың солтүстігінде -20°C,  күндіз -8...-13°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде қар жауады.

Павлодарда түнде сынап бағанасы -13...-15°C, күндіз -8...-10°C көрсетеді. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.